2018 жылғы 15 маусымда Алматы авиабөлімшесі және Талдықорған авиатобы десанттық-өрт сөндіру топтарының жердегі және әуедегі жаттығулары өтті

Жаттығудың бірінші кезеңінде жеке құрам жер бетінде мұқият және жан-жақты дайындау барлық түсіру элементтерін пысықтау, әр түрлі әдістер мен жаттығуларды зерттеу, оларды орындау мақсатында, арнайы мұнаралар-тренажер базасында жерүсті дайындығын өткізді.


Өрт сөндіруші-десантшылардың түсер алдында жабдықтауды тексеру

Жаттығудың екінші кезеңінде өрт сөндіруші-десантшылар МИ-8 МСБ-Т тікұшағынан (СУР) арнайы түсіру құрлығы көмегімен жерге түсуді орындады. Түсірулер 10, 20, 30 және 40 метр биіктіктен орындалды. Осындай биіктіктен, өрт сөндіруші-десантшылар тікелей орман өрттерін сөндіру кезінде жұмыс істеуге мәжбүр.



Ұшқыш-бақылаушы тікұшақтан дұрыс шығуды, рұқсат етілген жылдамдығымен бірқалыпты түсуді, ағаштардың бұтақтар арасына кіруді, жерге түсуін және ағытылуын қадағалайды.

Тікұшақ ағаштардың бұтақтары мүмкіндік бергеніше соншалық жерге жақындауға мүмкіндігі бар. Кейбір өрт сөндіруші-десантшылардың артында 70-тен астам тікүшақтан түсулері бар. "Орман арнайы жасағының" практикалық дағдысының пысықтауын тәжірибелі тәлімгерлер – ӘКҚ жетекшісі Поляков С. М., ҰКҚ жетекші Ломакин С. Н. оңтүстік авиатобының командирі Мамбаев Ж. М. өткізді.


 Жерге түсу немесе ағаш бұтақтарына кірер алдында өрт сөндіруші-десантшы қону немесе ағаш бұтақтарына кірер орындарын тексеру үшін баудың төменгі соңын тартумен түсіру жылдамдығын азайтады.

ТҮСІРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ - тікұшақтың қонуы мүмкін емес - орман екпелері және т. б. табиғи объектінің үстінен салбыраңқы тікұшақтан адамдарды және жүктерді жұмыс орнына түсіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрылғысы.


Жерге түскеннен сон өрт сөндіруші-десантшы тізе бүгіп, баудың тартылуын босатып, ілінді карбинін тежеуіш блогынан ажыратады, қаптамасын шешіп баудан тежеуіш блогын ажыратады.

Бірінші барабан типті (СУБ) орманөрт түсіру құрылғысы адамдар мен өртке қарсы жүктерді жеткізу үшін, оларды сөндіру мақсатында ормандарды авиациялық қорғау Орталық базасын өндірістік техникалық зертханасында әзірленген. Ми-4 тікұшақтан алғашқы түсірулер 1956 ж. орындалған.

Алматы авиабөлімінің ең жас өрт сөндіруші-десантшы Сариев Тимур. Бұл оның алғашқы түсірілімі болғанына қарамастан, - ол тыныш және шоғырланған.

Әрі қарай, авиаорманқорғау Ми-8 тікұшақтарын пайдаланғанына байланысты, дайындалып    1979 ж. (РТҚ) ролик типті түсіру құрылғысы енгізілді. Ол тікұшақтан өрт сөндіруші-десантшыны немесе  массасы 100 кг жүкті жылдамдығы 3 м/с автономды түсіру мүмкіндігін береді.

Түсірулер барынша жинақылықты және назарды талап етеді. Фотода Алматы авиабөлімінің АӨТ нұсқаушы Хамраев Акрам.

Орман өрті болып жатқан ауданына жер үсті көлігімен жету, ал авиация арқылы күштер мен құралдарды жеткізу кезінде қауіпсіз жерге қону алаңын таңдау мүмкін емес болатынын айта кетейік. Ондай кезде өрт аумағына десантты тікұшақ арқылы қондыру туралы шешім қабылданады. Ұшқыш-бақылаушы әуеден ағаш бұтақардың арасынан өрт сөндіруші-десантшыларды түсіруге лайықты ені 5х5 метр алаңды таңдайды.

 

Алматы авиабөлімінің АӨК нұсқаушысы Айсаров А.С., және Талдықорған авиатобынның жеке құрамы тікұшаққа тиелуге дайындалуда 

Түсіру үшін орнын таңдау және түсірулерді орындауға шешім қабылднған кезінде шығаратын тікұшақ командирінен "түсіруге дайындалуға рұқсат етіңіз" сұратады.  "Рұқсат етемін" деген жауап алып өрт сөндіруші-десантшыларға  «түсіруге дайындалыңдар» деп команда береді және сақтандыру белбеуді немесе сақтандыру аспалы жүйені киеді. Сақтандыру баудың немесе тростың карабинін  тікүшақтағы күштік торабына бекітеді. Тікұшақ сол «құдықтың» үстінде 10 метрден кем емес биіктікте (бұл ретте, жерден биіктігі 45 метрден аспауы тиіс) салбыранқылайды.


Ми-8 МСБ-Т тікұшағына өрт сөндіруші-десантшылардың тиелуі

Ұшқыш -бақылаушы есік ашып аса берік (үзілуге 900 кг) 50-метрлік бауды тастайды және онымен роликтік түсу құралының көмегімен, тікелей тікұшақтан өрт сөндіруші-десантшылар жерге түсіріледі.


 
Түсу

Егер баудың бумасы тарқатылып жерге жеткенде, шығаратын ССҚ бойынша тікұшақ командиріне "бау бумасы лақтырылды, жерге дейін тарқатылды, біріншіні түсіруге рұқсат етіңіз" деп баяндайды, "рұқсат етемін" деген жауап алып, біріншіге:"түсуге" деген команда береді.

Бірінші топ ағасы түсуге тиіс, ол түсіп алып келесі түсіп жатқан десантшыларды сақтандыруға міндетті.


Түсіру штаттық режимде өтті

Шығаратын, бірінші өрт сөндіруші-десантшы түскеннен кейін, ССҚ бойынша тікұшақ командиріне: «бірінші жерге түсті, екіншінің түсуіне руқсат беріңіз» деп баяндайды. Руқсат алғаннан кейін, екінші өрт сөндіруші-десантшының түсіруін жұргізеді, түсіру біріншіге ұқсас орындалады.

Өрт сөндіруші-десантшылардың түсірілуі аяқталғаннан кейін шығаратын бау карабинін сырғадан ағытып бауды төмен тастайды. Шығаратын ССҚ бойынша тікұшақ командиріне: "Түсірілімдер аяқталды, бау лақтырылды, есік жабық» деп баяндайды.

Жаттығу кезінде тікұшақ командирі, ұшқыш-байқаушы және өрт сөндіруші десантшылардың өзара іс-қимылдары, түсу жылдамдығы (орта – секундына үш метр), дұрыс жерге қону, және тағы басқалар қадағаланады.

 

Сол жақта шетте АКТ нұсқаушысы Нагибин Н.И. және Талдықорған авиатобыныңөрт сөндіруші десантшылары

Өрт сөндіруші десантшылар,  Қазақстан Республикасының аумағында биылғы жылы күрделі өрт қауіпті жағдай күтілуіне қарамастан, алға қойылған міндеттерді орындап шығатынына сенімді.   Алынған дағдылар, жетуге қиындық тудыратын жерлерде орман өрттерін сөндіруге мүмкіндік береді, орманға әуеден көмекке келіп.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға