2018 жылғы 15 маусымда "Жасыл алаң-2018" экологиялық-туристік слет –өтті

2018 жылғы 15 маусымда Катон-Қарағай МҰТП аумағында "Жасыл алаң-2018" экологиялық-туристік слет–өтті. Іс-шара , ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда биоәртүрлілікті сақтауды қолдауға, халықтың экологиялық мәдениетін және аймақта экологиялық туризмді дамытуға бағытталған.

Осы іс-шаралар негізгі мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, өртке қарсы жабдықтармен және мүкәммалмен пайдалануды оқыту, бастапқы туристік дағдыларға оқыту, экологиялық проблемаларға назар аударту, қатысушылардың тәжірибе алмасуы, халықтың назарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мәселелеріне аудару болып табылады.

Өткен іс-шара аясындағы жарыстарда Катонқарағай МҰТП барлық филиалдары мен орманшылықтардың командалары және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Катон-Қарағай авиатобының, жалпы командалық есепте жүлделі екінші орынға иеленген, командасы қатысты.

Жарыс бағдарламасы бірнеше пәндер бойынша өтті:

1. 100-метрлік кедергілері бар жолақтан өту;

2. шартты өртті сөндіру;

3. толық жабдықтарымен және керек-жарақтармен марш-жүгіріс және т. б.

Белгілі болғандай, өрт сөндіру-құтқару (немесе басқаша - өрт сөндіру-қолданбалы) спорт бойындағы төзімділікті, ептілікті, қозғалыстар үйлестіруді дамытады.

Алайда өрт сөндірушілер-спортшылардың дағдыларын арттыру және оның үздігін таңдаудан басқа, жарыстар біріктіріп, рухына бейбіт және барабар бақталастыққа, салауатты өмір салтын сақтауға шақырады.

Жарыстарда жеткен жетістіктері үшін және салауатты өмір салтын белсенді насихаттауы үшін жарыстың үздік қатысушылары грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Бұл іс-шара көптеген қатысушыларды тартты және қазақстан жастарында жанды қызығушылық тудырды, әрбір қатысушынын өмірінде маңызды оқиға болды. Айта кету керек, салауатты өмір салтына, спортқа сұрау – қазіргі қазақстандық қоғамның дамуының бір оң үрдістерді.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға