2018 жылғы 7 маусымда Аю-сай шатқалында табиғи өрттерді сөндіру бойынша «ӨРТ-2018» тактикалық-арнайы жаттығу өтті

2018 жылғы 7 маусымда Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық- табиғи паркінің Медеу филиалында табиғи өрттерді сөндіру бойынша «ӨРТ-2018» тактикалық-арнайы жаттығу өтті.

Өрт-тактикалық жаттығуға дейін, Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. А. Дарибаевпен және Алматы қаласы ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры С. Г. Әубәкіровпен Алматы авиабөлімшесінің өртке қарсы техниканы, өрт сөндіру құралдары және жеке құрамның дайындығын тексеру тексеруі жүргізілді.

Оқу-жаттығу аңызы бойынша, Іле Алатауының таулы бөлігінде авиациямен күзету жүргізу кезінде, 11 сағат 20 минута Алматы авиабөлімшесінің ұшқыш – бақылаушысымен Аю-сай шатқалының аумағында өрт табылды.

"Алматы авиабөлімшесінің өртке қарсы техниканы, өрт сөндіру құралдары және жеке құрамның дайындығын тексеру"

Алматы авиабөлімшесінің ұшқыш – бақылаушысы «Қазавиаорманқорғау» РМҚК республикалық диспетчерлық қызметіне өрт туралы ақпаратты хабарлайды:

-" Медеу филиалында, Аю-сай шатқалының оңтүстік-шығыс беткейінде өрт шықты. Алаңы 2 га. Орман алабы өртенуде".

Ұшақта орнатылған дауыс зорайтқыштар көмегімен қауіпті жағдай туралы қауіпті аумағынан кетуге қажет болатынын демалушыларға хабарлау жүргізіледі.

«Partenavia ұшағы. ГригорийБеденко фотосұреті»

Өрт туралы ақпарат Алматы қаласы ТЖД і бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне және Алматы қаласының "ҚӨжәнеАҚЖ" ТЖД күшімен және құралдарымен жедел басқару Орталығының өрт байланысының орталық пунктіне беріледі.

Күшті жел және құрғақшылық ауа райы орман алқабы аумағында оттың жылдам таралуына ықпал етеді.

Өрт шығу жерге сыртқы аспадағы сутөгу құрылғымен Ми-8 және Ми-171 тікұшақтары келіп өрт ошағына көздеулі су тастауын жүргізеді.

«Сутөгу құрылғымен Ми-8 тікұшағы. Григорий Беденко фотосұреті»

Дабыл бойынша алғашқы жану орнына жететіндер Іле-Алатау МҰТП Медеу филиалы жердегі күзет жасақтары. Орманшылардың мобильді бригадалары жолтаңдамайтын көліктерімен жану ортасына қарай өтіп, онда аспалы өрт сөндіргішпен, шартылдақтар мен күректер көмегімен, жалынмен күреседі.

«Сутөгу құрылғымен Ми-171 тікұшағы өрт ошағына көздеулі су тастауын орындауда. Григорий Беденко фотосұреті»

Орманшылықтың өкілдеріне РЛО-М аспалы орман өрт сөндіргіштермен, ауаүрлегішімен жарақталған РМҚК "Қазавиаорманқорғау" Алматы авиабөлімшесінің өрт сөндіруші десантшылары көмекке келеді. Топ басқарушысы, авиациямен өрт сөндіру командасының нұсқаушысы Айсаров Анатолий Самохунович. Оның Қазавиаорманқорғаудағы жұмыс өтілі 1984 жылдан бастап есептеледі, оның артында 500-ден астам жойылған орман өрттері бар. Кіріспе алғаннан кейін, көмекке келген топ дереу күшіне енген апатымен "шайқасқа" түсті.

"Десантшы-өрт сөндіруші Щукин Г.Г. ауаүрлегіш көмегімен өрт ошағын арнайы көбікпен жабады"

Отты тежеу үшін, жанып жатқан аумақты периметрі бойынша арнайы көбіктен тұратын қорғаныш жолағымен жабады. Аспалы өрт сөндіргіштер көмегімен өрт сөндірушілер оттың таралуын тоқтатуға тырысады.

Орман алқабын асап, жалын таулар баурайы бойынша тез тарап, ТЖ аймағынан көшірілетін адамдарға жетіп қалды.

"Ми-8" тікұшағынан құтқарушылар мен кинологтарды десанттау жүргізіледі. Григорий Беденко фотосуреті."

Ми-8 тікұшағы көмегімен, құтқарушылар мен кинологтар жасақтарын зардап шеккендерге іздеу, алғашқы медициналық көмек көрсету және, оларды қауіпсіз аймаққа көшіру үшін көмекке жеткізіледі.

«Малинуа бельгиялық овчаркалары Григорий Беденко фотосуреті.»

11 сағат 45 минутта оқиға орнында жедел өрт сөндіру штабы құрылады, ол өрт жағдайы туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау жүргізеді, жауынгерлік учаскелерге күштер мен құралдарды ескереді және бөледі, сөндіру жоспарын әзірлейді.

Полиция қызметкерлері өрт аймағына рұқсат етілмеген кірудің болдырмау мақсатында, оқшаулау және өрт салдарын жою аймағын қоршауын жүзеге асырады.

"Өрт сөндіру автоцистернасы. Григорий Беденко фотосуреті."

Отты сөндіруге Алматы қаласы ТЖД "ҚӨжәнеАҚЖ" ММ, Алматы облысы ТЖД "ҚӨжәнеАҚЖ" ММ, №7 ӨСБ, №6 ӨСБ, күштері мен құралдары, Алматы Тазалық су себетін және жуатын машиналары тартылады. Өрт сөндіру бөлімшелері оттың таралуына жол бермей күшейтілген су шабуылын ұйымдастырады.

Алматы қ. құтқару қызметінің құтқарушылары зардап шеккен екі адамды табты, олар алғашқы медициналық көмек алу үшін апаттар медицинасы орталығының бригадасына тасымалданады.

"Қазавиаорманқорғау" РМҚК оңтүстік авиабөлімше командирі Жанат Мамбаев. Григорий Беденко фотосүреті"

12 сағат 30 минутта барлық учаскелерінде жанып тұрған өрт жиегін тоқтату орындалды, жекелеген өртену орындарының оқшаулау және бітіре сөндіру жұмыстары жүргізілуде. 13 сағат 00 минута барлық бағыттары бойынша шартты ошақтары сөндірілді.

Қосымша құралымдарды лагерде жинау хабарланады. Өрт сөндіру жедел штаб бастығы, өртті жою туралы хабарлайды.

«Алматы қ. әкімінің орынбасары Дарибаев М.А.»

Өрт-тактикалық оқу-жаттығу нәтижелері бойынша, барлық функционалдық топтар басшыларын тарта отырып, жедел штаб жиналысы өткізілді, онда оқу-жаттығу барысын талдау жасалып және қорытындылары шығарылды.

Оқу-жаттығуға барлығы 120-дан астам адам мен 20 бірлік арнайы техника, 2 тікұшақ, 1 ұшақ тартылды.

"Фотода оңнан-солға қарай: Алматы авиабөлімшесінің аға бақылаушы-ұшқышы, Алиев Т. Т., авиациямен өрт сөндіру командасының нұсқаушысы Айсаров А. С., Алматы авиабөлімшесі өрт сөндіруші-десантшылар"

Оқу-жаттығу ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шаралар орман өрттерін сөндіру барынша жақындатылған шынайы жағдайында дағдыларын, барлық осы өрт кезінде туындауы мүмкін жағдайларды жою, барлық жедел қызметтердің өзара іс-қимыл қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру тәсілдерін дамыту үшін өткізіледі.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға