Орманды өрттен сақтаңдар!

Табиғи өрт - бұл адамдар мен жануарларға үлкен қауіп.

Егер сіз табиғи өртті байқасаңыз, не істеу керек?

Басталатын өртті өз күшімен сөндіруге болады. Бұл үшін ұзындығы 1,5-2 метр жапырақты тармақтарының шоғыры жеткілікті. Әрбір келесі соққы да негізгі жалынды қағып өрт ошағы жағына жиегінен жылжымалы соққы жасай отыра, сол жерде тармақтар шоғырын жанып жатқан жиегіне басып ұстай тұрады және айландырады. Бұнымен жанғыш материалдарды салқындатуға қол жеткізіледі.

Және басқа да өртті сөндіру тәсілі бар. Егер қолда күрек бар болса, онда оттың жиегінің бойымен шұңқырлар қазылады, шұңқырлар ішінен шыққан топырақтыжалынның төменгі бөлігіне лақтырады. Алдымен отты қағады, содан кейін, өртті тоқтатып, оның шетіне қайтадан тұтас сызықтың биіктігі 6-8 см және ені 0,5 м топырақ себеді. Өрт таралу жолдарынан жанғыш материалдарды тырмалап алып тастай отыра, оның таралуын тоқтатуға болады. Тазартылған белдеуінің ені кемінде 0,5 м. болуы тиіс. Егер жану қасында су айдыны бар болса, онда су - өртті сөндіру барынша тиімді құрал.

Егер өртті сөндіру мүмкіндігі жоқ болса, қауіпті аймақтан жолға, просекаға, кең алаңға, өзен немесе су қоймасы жағалауына,өріске шығыңыз. орман өрт аймағынан от бағытына перпендикуляр және тек жел бағыты бойынша жағына шығу қажет. Егер өрттен кету мүмкін болмаса, су айдынына кіріңіз немесе бас пен дене жоғарғы бөлігін дымқыл киіммен жабыңыз. Ашық кеңістікте қалған кезде, мысалы алаңқайда, ауамен жер жанында демалыңыз, бұл ретте ауызды және мұрынды мақта-дәке бетпердесімен немесе дымқыл шүберекпен жабыңыз. Кез келген өртті сөндіруден алдын алғаны жеңіл екені әрқашан есіңізде болсын.

Өртке жол бермеу мақсатында табиғи ортада тыйым салынады:

- от жағуға, мангалдар, басқа да тамақ дайындау үшін құралдарды пайдалануға;

- темекі шегуге, жанып тұрған сірінке, темекі қалдығын лақтыруға, ыстық шоқ төгуге;

- қарудан атуға, басқа да пиротехникалық бұйымдарды қолдануға;

- майланған әлде бензин, керосин тағы басқа жаңғыш материал сіңген, сүрту материалдарын орманда қалтыруға;

- жұмыс істеп тұрған іштен жану қозғалтқыштарының бактарына отын құюға, қозғалтқыш қуат көзі жүйесінің ақауы бар техниканы жұмыс үшін шығаруға, сондай-ақ отын құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға;

- бөтелке, шыны сынықтарын, жандыру линза бола алатын басқа қоқыстарды қалдыруға;

- өрістегі шөпті сонымен қатар басқа өсімдіктерді өртеуге.

Табиғатқа шыққанда сақ болыңыз! Орманда демалыста болғанда от жақпаңыз! Баларларыңызға отпен ойнауға руқсат бермеңіз!

Кондратьев А.В.

Ақмола авиатотобының АПК нұсқаушысы.

«Знамя родины KZ» газеті

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға