Катон-Қарағай ұлттық паркінде (Оңтүстік Алтай) сирек кездесетін құстардың табылуы (1 бөлім)

Владимир Михайлович Воробьёв

Қазавиаорманқорғау РМҚМ Катон-Қарағай авиатобы,

Шығыс-Қазақстан облысы, Қазақстан

Орыс орнитологиялық журналы 2018 ж.

Катон-Қарағай ұлттық паркінің орнитофаунасы қазырғы кезде жақсы зерттелген, бұнда 277 құстардың түрі белгілі (Стариков 2006). Осы ұлттық парк аумағында менімен бакылау және фототүсіру ақырғы он жыл жыл бойы өткізіледі. Көбінесе зертту аудыны Буқтырма өзенінің орта ағымы және Катон-Қарағай маңындағы Сарымсақты төбенің бөктерінде орын алады.Төменде құстардың 22 түрімен ең қызықты кезесуі келтірілген, оның 9 бұнда бірінші рет белгіленген. Барлық табылулар www.birds.kz. сайтында фотосұреттермен нақтыланған.


Гуменник Anser fabalis middendorfii. Бұл қаз соңғы тексеруде (Стариков 2006) сипатталған аумағында көрсетілмейді және жақын жерлерде гуменник және сухоноса Anser cygnoides буданның кездесулері Марқакөл көлінде (Березовиков, Алексеев 2013) болып табылған.

Бұқтырма өзенінде Куроферма шатқалында 2015жылғы 12 сәуірінде 2 гуменник кездестірілді, 2015 жылғы 19 сәуірде– 9, 2016 жылғы 15 наурызда – 5 және, 2017 жылғы 22-сәуірде – 2 (сур. 1 және 2). Гуменник шағын бөлігінің көші-қон жолы бұл жерде өтеді деп болжауға болады.

Сұңқылдақ аққу Cygnus сygnus. Ұлттық паркке өткелі түрі ретінде көрсетілген, ХХ ғасырдың басында Марқакөл көлінде ұя салатын құстар екендігі белгілі болған(Стариков 2006). 1977 жылдың шілдесінде екі сұңқылдақ Қара-Кабада байқалған (Березовиков, Самусев 1998). Менімен бұл аққу Кобентау шатқалындағы сазды көлдеұясында 4 балапандардың аман-есен өсіріген кезінде табылды. Құстар 2015 жылдың 24 және 31 мамырында, 2015 жылдың 4 маусымында және 16 қыркүйегінде фотосуретке түсірілген (сур.3-5).

   
Луток (үйрек) Mergellus albellus. Сирек кездесетін өткелі түрі ретінде белгілі (Стариков 2006), бірақ Бұқтырма бойында жазда лутокты кездесулері ықтимал туралы Н.Я. Яблонскийдің ХХ ғасырдың басындағы деректері бар. Жақын белгілі ұялау орындары болып Қара Ертіс өзенінің бойы табылады (Гаврилов 1999). 2017 жылғы 23 маусымда Өрел ауылы маңындағы шалшық көлде еркегі кездестірілді(сур. 6).
Бақалтақ қыран Hieraaetus pennatus. Сирек кездесетін келіп-кетер түрі ретінде көрсетілген, ұя салатындығы болжамдалынатын (Стариков 2006). 2016 жылдың 5 шілдесінде Сухая речка шатқалында Катон-Қарағай ауылының маңында бірнеше күн жастағы 2 балапан бар ұйя табылды. Ұя балқарағай бүйір тармақтарында биіктігі 4 м болған.


Жалғасы - келесі жарияланымдарда...

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға