Табиғат байлығын қорғау – қастерлі міндет


   Күз мезгілінде заңсыз ағаш кесу, аңға шығу, балық аулау фактілері жиі кездеседі. Тиісті органдар бұл мәселені өзара бірлескен шаралармен атқарады. Соның бірі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен және «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның жарғысы негізінде жүргізілген авиабақылау жұмыстары.  Кезекті бақылау шарасы Алматы облысына қарасты Балқаш ауданы аумағында жүргізілді.

Әуе бақылау жұмысы Бақанас ауылынан басталып, Аралтөбе, Көктал, Қоскүмбез, Қарой алқаптары бойынша тексерілді. Бірақ, заңбұзушылықтар анықтала қоймады. Тек Көктал ауылдық округы аумағынан нөмірсіз тұрған уаз көлігін анықталып, аумақтық инспекция қызметкерлері көліктегілердің құжаттарын тексеріп шықты.

Әуебақылауында заңбұзушылықтардың кездеспегені турасында, Оңтүстік-батыс Алакөл инспекциясының Бас маманы, мемлекеттік инспекторы Қалихан Жұманқұлов: «Біз жиі рейдтер жүргіземіз. Бүгін заңбұзушы адамдар көрінбейді. Браконьерлерді таппадық. Осындай бақылауларды күшейту, заң бұзушылықтың алдын алуда»,-деп пікірін білдірді.

Талғат АЛИЕВ, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның аға-ұшқыш бақылаушысы:

-Бүгін 800 шақырымға жуық аумақты ұшып өтіп, бақылау жасадық. Құжаттары мен машина нөмірі жоқ жергілікті тұрғындарды кездестірдік. Олар жақын арадағы жиде ағаштарын кесіп жатқан жерінен байқалды. Жергілікті органдар олардан түсініктеме алатын болады.

Авиарейдтер күз бен қыс мезгілінің басында жиі жүргізіледі. Оған бір себеп, күннің суытуына байланысты заңсыз ағаш кесу оқиғалары жиілеп кетеді. Өйткені, бұл аймақтағы ағаштар Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілгендіктен, оған балта шабуға мүлде болмайды. Ал онымен күрес қалың қар түскенше жүргізіледі.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның соңғы деректеріне сүйенсек, биылғы жылы Алматы облысы бойынша 1893 рейд жүргізілген. Нәтижесінде, 752 заңбұзушылық анықталып,  19 қылмыстық іс қозғалып, 713 әкімшілік жаза қолданылған.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ, cуреттерді түсірген автор.

https://aikyn.kz/2017/11/23/34363.html

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға