ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ-БАСТЫ MІНДЕТ

 
Сәрсенбінің сәтті күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бақанас орман шаруашылығының 2015 жылғы атқарылған жұмыстарының қорытындысы жайында және 2016 жылға өрт маусымына дайындығы туралы кеңестік жиын өтті.
Аталмыш жиынға облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Нүсіпбаев Қанат Ақылулы, «Авиациямен орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасының» оңтүстік авиазвеносының командирі Мамбаев Жанат арнайы келіп қатысты.
Кеңестік жиынды аудан әкімінің орынбасары Бақытбек Рахымбаев жүргізді. Басқосуға селолық округ әкімдері, «Авиациямен орманды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы», аудандық төтенше жағдай бөлімі, аудандық өрт сөндіру бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, учаскелік инспекторлар, шаруа қожалықтар басшылары қатысты.
Алғашқы болып сөз кезегін алған Бақанас орман шаруашылығының директоры Ақшабай Нұрханов өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстардың жетістігі мен кемшілік тұстарына тоқтала келе, үстіміздегі жылға өрт маусымына дайындықтары туралы кеңінен баяндама жасады. Баяндама барысында Бақанас орман шаруашылығына қарасты жер көлемі мен мемлекеттік мекемедегі қызыметкерлердің штат кестесі бойынша, сонымен қатар, техникалық базасына қысқаша тоқталып, ауданымыздың байлығын сақтап, өрт қаупінің алдын алудағы жоспарлы істерін атап өтті.
Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша орман шаруашылығын нығайтуға қосқан үлестері үшін қызметкерлерді марапаттады.
Балқаш ауданы, Бақанас ауылы   

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға